№25 жалпы білім беретін орта мектептің бос лауазымдарына орналасуға Конкурс «мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес өткізілетін болады».
- «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Музафар Әлімбаев атындағы Ақтөбе қаласының № 25 жалпы білім беретін орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекеменің орналасқан жері: индекс – 030020, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Есет батыр көшесі, 71Б үй.
Телефон: 8-702-571-8634
Электрондық пошта: shkola25.aktobe@yandex.kz - Бос лауазымдар:
| Лауазымы | Оқыту тілі | Жүктеме | Бос орындар саны |
|---|---|---|---|
| Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі | Орыс | 2 | 2 (декреттік демалыс кезінде) |
- «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес кандидатқа қойылатын, педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптары
- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау сайтта жүргізіледі hr-nobd.edu.kz
- Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) лауазымға қойылатын үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificatein English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) — 60-65 балл;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.

Есет батыр 71Б

