2025 жылдың 1 сәуірінен қазақ тілінде оқытатын 1 сыныпқа қабылдау жүреді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес, «М.Әлімбаев атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі, 2025 – 2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

«М.Әлімбаев атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Есет батыр к., 71Б мекенжайы бойынша жүргізіледі. Байланыс телефоны: 8(7132)462625. Электронды мекенжайы: shkola25.aktobe@yandex.kz.

Қамқоршылық кеңес — заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

Қамқоршылық кеңестің негізгі бағыттары
1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
· Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
· Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
· Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
· Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
· Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
· Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
· Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі ұсынысты толтыруыңыз сұралады (файлды жүктеп алыңыз).

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
Ұсыныс pdf, 220 КБ Қараңыз Жүктеу