2025 жылдың 1 сәуірінен қазақ тілінде оқытатын 1 сыныпқа қабылдау жүреді

№25 жалпы білім беретін орта мектебіне педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі

1) «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мұзафар Әлімбаев атындағы Ақтөбе қаласының № 25 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекеменің орналасқан жері: индекс –030020, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Есет батыр көшесі, 71Б үйі.
Телефон: 8-702-571-8634
Электронды пошта: 25-mektep@aktgoroo.kz

2) Бос лауазымдар:
Қазақ тілі мұғалімі – 16 сағат (уақытша)

3) Кандидаттың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығы бойынша біліктілік талаптарына сай болуы.
4) Конкурсқа қатысуға құжаттары hr-nobd.edu.kz сайты арқылы қабылданады.
5)Қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  11. Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.